Елордадағы үлескерлер: Үйіміздің іргетасы да қаланбаған

7 Тамыз 2019, 14:48
1523
Бөлісу:
Елордадағы үлескерлер: Үйіміздің іргетасы да қаланбаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов таңертең үлестік құрылыс нысандары – «Араби-2» және «Гранит-2» тұрғын үй кешендеріне барды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Екі тұрғын үй кешенінде үлескерлердің жалпы саны – 99 адам. Нысандар 2013 жылы проблемалық болып саналған. Жобалық-сметалық құжаттама жоқ.

«Біздің үйлер басқа жерде болуы керек еді, бірақ бұл жерлер көріксіз болғандықтан, бізге басқа жер учаскелері бөлінді. Жаңа аумақта екі үйді бұзу керек және содан кейін ғана үйлерімізді салуға кірісу керек, біздің үйлеріміздің іргетасы да қаланбаған», - деді ТК үлескерлері.

Алтай Көлгінов ескірген тұрғын үйлерді бұзу бағдарламасына сәйкес, адамдар алдымен басқа үйлерге көшірілуі керек, содан кейін үйлерді қалпына келтіруге кірісу керек екендігін атап өтті. Әкімдік әр нысан бойынша тиісті жұмыстар жүргізеді. Елордада аяқталмаған 51 ұзақмерзімді құрылыс объектілер бар.

Өзгелердің жаңалығы