Елордада WorldSkills республикалық чемпионаты өтіп жатыр

10 Желтоқсан 2022, 13:17
1004
Бөлісу:
Елордада WorldSkills республикалық чемпионаты өтіп жатыр

Астанада колледж студенттері арасында «WorldSkills» республикалық чемпионаты өтуде. Оған 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаладан 500-ге жуық студент қатысып жатыр, деп хабарлайы BAQ.KZ.

Чемпионатта қатысушылар 30 мамандық бойынша бақ сынауда. Оларға өз салалары бойынша арнайы тапсырмалар беріледі. Соған сәйкес, белгіленген уақыт ішінде студенттер қойылған міндетті орындауы тиіс. Атап айтқанда, қатысушыларға кірпіш қалау, көліктердің техникалық ақауларын жөндеу, дәнекерлеу ісі мен ІТ саласы бойынша тапсырма беріледі.

Бұл бірінші колледждердің деңгейінде өтті. Кейін облыстық деңгейде болды. Одан жеңгендері қазір Астана қаласында 30 мамандық бойынша сайысқа түсіп жатыр. Негізі Қазақстан дүниежүзілік «WorldSkills» қозғалысының мүшесі. Ең бірінші қатысқанда біз 50-ден кейінгі орында болғанбыз. Одан кейін 15-орынға түсіп, қазіргі таңда үздің ондыққа кіріп отырымыз. «WorldSkills» ол тек қана жарыс емес, ол біздің кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғыртудың дұрыс жолы. Өйткені, біз дүниежүзілік танымал мамандықтарды отандық білім беру жүйесіне енгізіп жатырмыз. Сондықтан бұл өте маңызды. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы үнемі құндылықтар туралы айтып отырады. Соның ішінде жастарды отансүйгіштік, білімге құштарлық және еңбексүгіштік құндылықтарына баулу тапсырмасы бар. Осы орайда, біз үшін еңбек адамын құрметтеу, жұмысшы мамандықтарын дамыту өте маңызды, - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Республикалық чемпионаттың жеңімпаздар ұлттық құраманың мүшесі атанады және олар әлемдік деңгейдегі сайысқа қатысуға мүмкіндік алады.

Өзгелердің жаңалығы