Елордада үстел теннисінен өткен жарыс мәресіне жетті

26 Қазан 2023, 15:51
613
Бөлісу:
Елордада үстел теннисінен өткен жарыс мәресіне жетті
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Астанада Республика күні мерекесіне орай үстел теннисінен ересектер арасындағы турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

№72 мектеп-лицейінде бірінші рет ересектер арасында сайыс өтті. Турнирге 40-тан астам адам қатысты.

Республика күніне орай үстел теннисінен жарыс өткізуге шешім қабылдадық. Себебі, үстел теннисі соңғы жылдары елімізде қарқынды дамып келеді. Соның бір мысалы, Ханчжоуда өткен Азия ойындарында спортшыларымыз алғаш рет үстел теннисінен өнер көрсетуі. Жарақат алу көрсеткіші де төмен. Алғашқыда жастар арасында өткіземіз деп жоспарлаған едік. Алайда тіркелушілердің басым бөлігі ересек азаматтарды құрады. Әйтсе де, жарысымыз тартысқа толы өтті. Алдағы уақытта турниріміз ары қарай жалғасын табады, - дейді жарыс ұйымдастырушылары.

Бәсеке 3 сағатқа созылды.

№72 мектепте балам оқиды. Бұл оқу орнының ерекшелігі – әкелердің жеке бірлестігі бар. Сол жерден үстел теннисі жарысы болатынын естіп, қатысуды ұйғардым. Кәсіби деңгейде ойнаймын деп айта алмаймын. Өзім дзюдомен шұғылданғанды ұнатамын. Алайда әуесқой ойыншы болсам да, бүгін бірнеше қарсыласымды жеңіп, 3-орынды иелендім. Алдағы уақытта салауатты өмір салтын насихаттайтын турнирлерге қатыса беремін, - деді қола жүлдегер Айдын Қожанбаев.

Үстел теннисінің қорытындысы:

1-орын. Талап Абдрахманов – 30 000 теңге;

2-орын. Сержан Амангелдиев – 20 000 теңге;

3-орын. Айдын Қожанбаев – 10 000 теңге.

Өзгелердің жаңалығы