Елордада түнгі ауысымдағы қар тазалауға 1,4 мыңнан аса техника жұмылдырылды

9 Ақпан 2024, 08:13
302
Бөлісу:
Елордада түнгі ауысымдағы қар тазалауға 1,4 мыңнан аса техника жұмылдырылды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астанада соңғы күндері қар мол жауып, ауа райы құбылып тұр. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 8 ақпан күні қар полигондарына 42 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

8 ақпаннан 9 ақпанға қараған түні қала бойынша қар тазалау жұмысына 1,4 мыңнан аса арнайы техника мен 260-тан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

8 ақпан күні қаладан 3 125 ауыр жүк көлеміне тең 42 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 299 мың рейспен 4 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы