Елордада тонаумен айналысқан ер адам ұсталды

31 Желтоқсан 2022, 14:52
975
Бөлісу:
Елордада тонаумен айналысқан ер адам ұсталды

Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, тонау жасалғаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында жәбірленуші кешкі уақытта Керей, Жәнібек хандар көшесімен келе жатқанда, соңынан белгісіз бір адамның еріп келе жатқаны анықталды. Ер адам күтпеген жерден қызға физикалық күш көрсетіп, қалтасынан құны 600 мың теңге тұратын «iPhone 13» маркалы телефонын ашық түрде ұрлап алып, қашып кеткен. 

Бұл жағдайға куәгер болған қаланың 47 жастағы тұрғыны, еш саспастан қаскүнемнің артынан қуып жетіп, оны тәртіп сақшылары келгенге дейін ұстаған.

Оқиға орнынан жедел жеткен полиция қызметкерлері  қаланың 28 жастағы тұрғынын ПД Уақытша ұстау изоляторына жеткізді. 

Полицияға жеткізілген ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Тәркіленген ұялы телефон иесіне қайтарылды. Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі.

Астана қаласының Полиция департаменті құқыққа қайшы әрекеттер болған жағдайда полицияға "102" арнасы немесе мобильді қосымша арқылы дереу хабарлау қажет екенін хабарлайды.

Өзгелердің жаңалығы