Елордада «Толағай» алыптар сайысы өтеді

1 Шілде 2023, 19:51
774
Бөлісу:
Елордада «Толағай» алыптар сайысы өтеді

Астана қаласының әкімдігі елорданың 25 жылдығына орай өтетін қалалық "Толағай" алыптар сайысы ашық турнирі өтетінін жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлы Даланың батырларын насихаттауда, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өтетін турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай 18 жастан асқан қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.

Турнирдің өтетін жері орталық саябақтың автотұрағы. Шараның ашылу салтанаты 6 шілде күні сағат 16:00. Бүгінгі күннің жас батырларының өнерін тамашалап,ұлттық спортты бірге  ұлықтайық, -делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы