Елордада терроризмнің алдын алу бойынша семинар өтті

17 Қараша 2022, 10:20
867
Бөлісу:
Елордада терроризмнің алдын алу бойынша семинар өтті

Астанада терроризмнің алдын алу бойынша семинар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «№11 мектеп-гимназия» КММ қызметкерлерімен жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша күдікті зат табылған кезде қызметкердің іс-әрекеті тақырыбында семинар өткізді, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін тұрғындардың іс-әрекетіне бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғаны туралы жеткізілді.

Бұл ұсынымдардың мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және төтенше жағдайларда алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы