Елордада тек далада ғана маскасыз жүруге болады – Cархат Бейсенова

16 Наурыз 2022, 10:55
3488
Бөлісу:
Елордада тек далада ғана маскасыз жүруге болады – Cархат Бейсенова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.  Оның айтуынша, індет біршама азайып келеді. 

Астана бойынша COVID-19 бойынша жағдайды тіркеу санының төмендеуін ескере отырып, қала 16 ақпаннан бастап «сары», ал 21 ақпаннан бастап эпидемиологиялық матрицаның «жасыл» аймағына ауыстырылғаны белгілі.

Қалада тәулігіне алғашқы зертханалық расталған 3 жағдай тіркелді және өсім 0,01%-ды құрады. Соңғы аптада коронавирус жұқтырған 55 жағдай тіркелді, бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 2,04 есе, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 9,2-ден 4,5-ке дейін төмендегені байқалады. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты республиканың бас санитарлық дәрігері кейбір карантиндік шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Әңгіме эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында, соның ішінде Нұр-Сұлтанда да көшеде міндетті маска режимінің алынып тасталуы болып отыр, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Алайда 5 жасқа дейінгі балаларды, адамдардың тамақтану кезінде, сондай-ақ спорт сабақтарын өткізу кезеңдерін қоспағанда, жабық үй-жайлардың аумағында, яғни СОО-да, кинотеатрларда, фитнес клубтарда, қоғамдық тамақтану объектілерінде және т.б. маскасыз кіруге және маскасыз жүруге жол берілмейді. 

Сонымен қатар объект әкімшілігі мен жауапты адамдар келушілер мен жұмысшылардың міндетті түрде бетперде киюін бақылауы керек. Бұдан басқа, «жасыл»  және «сары» аймақтардағы барлық объектілерде Ashyq мобильдік қосымшасын қолдану субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде, қызметіне шектеу қоймай жүзеге асырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қарапайым қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырамын. Пандемия жағдайында өмір сүріп жатқанымызға екі жыл болды. Осы уақыт ішінде азаматтар өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезініп, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды үйренді деп ойлаймын. COVID-19-дан қорғанып, иммунитетті нығайту үшін қайта вакцинациядан өтуге шақырамын, - деді Сархат Бейсенова. 

Өзгелердің жаңалығы