Елордада «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті

8 Сәуір 2022, 16:15
3490
Бөлісу:
Елордада «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының 10-жылдық мерейтойы қарсаңында өнерпаз шәкірттердің «Талантты ұстаздан, талапты  шәкірт» атты балалар шығармашылығының есеп беру көрмесі өтті.

Осы уақыт аралығында біздің педагогикалық ұжымның, еліміздегі  қосымша білім беру саласына қосқан үлесі орасан зор. Шәкірттеріміздің жетістіктері, педагогтарымыздың жаңалықтары, ата-аналарамыздың  алғыстары да аз емес. Әдемілік әлемі – адамзат мәдениетінің  ғажайып дүниесі. Жеріміздің көркем табиғаты мен сәулетті астанамыз бен халқымыздың салт –дәстүрлерін бейнелеу өнері арқылы өрнектей білген дарынды баларымызға қаншама мақтау айтсақта жарасады, - деді Бейнелеу өнері бөлімінің жетекшісі Гүлнар Жақыпқызы.

Елордада «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті
Елордада «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті

Бейнелеу өнері шығармашылық ұжымының есеп беру көрмесін, әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының директоры Раушан Кушибаева ашып, педагогтар мен дарынды оқушыларға алғыс хаттар тапсырды. Көрмеге 70-ге жуық шәкірттер қатысып, өзінің алуан түрлі тақырыптағы жұмыстарын ұсынды. 

Елордада «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті
Елордада «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті

 

Елордада «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті

Шәкірттерімізді сиқырлы бейнелеу өнеріне жетелей отырып көркемдікті көре, сезе білумен бірге оны өз бойына сіңдіре мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл көрме - талантты жастарымыздың  құштарлығын оятады деген сенімдеміз, - дейді ұстаздар.

Елордада «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті
Елордада «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті
Елордада «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті
Елордада «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті

 

Елордада «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті
Өзгелердің жаңалығы