Елордада таэквондодан әлем чемпионаты өтіп жатыр

21 Тамыз 2023, 15:10
858
Бөлісу:
Елордада таэквондодан әлем чемпионаты өтіп жатыр
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Таэквондодан елорда төрінде алғаш рет әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және cпорт вице-министрі Сәрсен Құранбек, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, ITF таэквондо президенті Ри Йон Сон, Қазақстан таэквондо ITF және АТF қауымдастығының президенті Ерлан Исекешев қатысты.

Елордада таэквондодан әлем чемпионаты өтіп жатыр

Елімізде алғаш рет өтіп жатқан әлем чемпионатына 60-қа жуық мемлекеттен 900-дей спортшы келіп отыр. Алдағы 6 күнде таэквондошыларымыз елорда төрінде өздерінің шеберліктерін паш ететін болады. Осындай жарыстың Қазақстанда өтуі біз үшін үлкен құрмет. Айтулы әлем чемпионаты отандық спорт тарихында айрықша орын алатынына сенімдіміз. Әлем біріншілігіне келген спортшыларға тек жеңісті тұғыр, айы оңынан тусын деп тілейміз! - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев.

Іс-шара барысында ITF таэквондоның отаны саналатын Солтүстік Кореяның спортшылары көрермендерге бір сағаттай өз өнерлерін паш етті.

Елордада таэквондодан әлем чемпионаты өтіп жатыр

Жаһан чемпионатына Албания, Алжир, Аргентина, Австралия, Бангладеш, Беларусь, Бразилия, Болгария, Камбоджа, Канада, Чили, Қытай, Колумбия, Солтүстік Корея, Доминикан Республикасы, Англия, Эстония, Грекия, Гренландия, Гренада, Гаити, Гондурас, Гонконг, Үндістан, Иран, Ирландия, Италия, Жаңа Зеландия, Ямайка, Жапония, Қырғыз Республикасы, Мадагаскар, Малайзия, Моңғолия, Марокко, Непал, Нидерланд, Солтүстік Македония, Перу, Филиппин, Пуэрто-Рико, Ресей, ОАР, Испания, Швеция, Тәжікстан, Тринидад және Тобаго, Түркіменстан, БАӘ, АҚШ, Өзбекстан, Қазақстан елдерінен спортшылар қатысып жатыр.

Қазақстанда таэквондоның ITF түрі 1989 жылдан бері қолға алынып келеді.

Айта кетейік, Солтүстік Корея мемлекеті бірнеше жыл бойы түрлі әлем чемпионаттарына қатысудан бас тартып келген болатын. Оның ішінде Токио жазғы Олимпиадасы мен Бейжің қысқы Олимпиадасы да бар.

Өзгелердің жаңалығы