Елордада Сирия жөніндегі келіссөздер өтетін болды

11 Шілде 2019, 12:24
1666
Бөлісу:
Елордада Сирия жөніндегі келіссөздер өтетін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сирия жөніндегі Астана форматындағы кезекті басқосу 1-2 тамызда өтеді, деп хабарлады Ресей СІМ басшысының орынбасары, президенттің Таяу Шығыс және Африка елдері жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богданов. Бұл туралы Zakon.kz жазды. 

"Кездесудің датасы анықталды. Ол отырысқа қатыса алатын барлық мүдделі тараптар арасында келісімге қол жеткізілді. Кездесу 1-2 тамызда Нұр-Сұлтанда өтеді", - деді Богданов.  

Арнайы өкіл хабарлағандай, Ресей, Түркия және Иранның Сирия бойынша саммиті Нұр-Сұлтандағы кездесуден кейін өтуі мүмкін. 

"Тамыздың басында Нұр-Сұлтанда Сирия жөніндегі кезекті, он екінші халықаралық кездесу болады. Белгілі бір инновация бар, өйткені бақылаушы ретінде тұңғыш рет Ливан мен Ирак өкілдері қатысатын болады", - деп қосты Михаил Богданов.  

Оның сөзінше, Ресей, Түркия және Иранның Сирия бойынша саммиті Нұр-Сұлтандағы кездесуден кейін өтеді, ол саммитті бұл жолы Түркия қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы