Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордада шұғыл медицина көмек бойынша халықаралық жиын өтіп жатыр

13 Мамыр 2025, 15:08
450
Бөлісу:
 Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының баспасөз қызметі
Фото: Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының баспасөз қызметі

Астанада шұғыл медициналық көмек бойынша халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жиын Еуразиялық шұғыл медицина қауымдастығының III съезінің аясында "Шұғыл медицинаны дамытудың заманауи тұжырымдамалары мен перспективалары" тақырыбына арналған.

Шұғыл медициналық көмек жүйесін дамыту – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Біз халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, заманауи технологияларды енгізуге, кадрларды даярлауды жетілдіруге және кезек күттірмейтін көмектің сапасы мен әрбір азамат үшін қолжетімділігін арттыруға мүдделіміз. Конференция нәтижелері Қазақстандағы шұғыл медицина жүйесін одан әрі нығайтудың негізі болады деп сенемін, - деді жиынның ашылуында сөз алған Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов.

Елордада шұғыл медицина көмек бойынша халықаралық жиын өтіп жатыр

Іс-шараға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Үндістан және Түркиядан келген шұғыл медициналық көмек саласындағы отандық және халықаралық сарапшылар қатысуда. Олардың барлығы шұғыл медициналық практикада заманауи шешімдерді әзірлеу мен енгізу тәжірибесіне ие.

Елордада шұғыл медицина көмек бойынша халықаралық жиын өтіп жатыр

Сондай-ақ жиын бағдарламасында диагностикалау, емдеу, инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу, төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл әрекет ету жүйелерінің тұрақтылығына арналған пленарлық сессиялар мен тақырыптық секциялар қамтылған. Конференция аясында шұғыл медицинаны дамытудың: медициналық авиация, мамандар даярлау, цифрлық шешімдерді енгізу,кезек күттірмейтін көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру сияқты негізгі бағыттары бойынша пікір алмасу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы