Елордада шектеуге шекесінен қарайтындар азаймай тұр

22 Тамыз 2020, 14:20
1338
Бөлісу:
Елордада шектеуге шекесінен қарайтындар азаймай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде карантин талаптары қайта күшейтілді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. 

Осы демалыста азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа еш жер жұмыс істемеуі керек. Дегенмен, елордада осы талаптарды сақтап жатқан орындар бірен-саран. Киім сататын дүкендер, ломбард, ақша айырбастау орындары  және жылдам тағам әзірлейтін жерлер бәз қалпынша келушілерге қызмет көрсетіп жатыр. Олардың жұмысын шектеп жатқан ешкім жоқ. 

Негізі бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша, апта басында ашылған сауда орталықтары, базарлар, сұлулық салондары мен фитнес-клубтар қайта жабылу керек болған. Ондағы мақсат - індеттің қайта өршуіне жол бермеу. Десе де, мұны кейбір кәсіпкер қаперге алмаған сынды.        


Өзгелердің жаңалығы