Елордада үш ауысымды мектептер азаяды

17 Қазан 2019, 14:04
3029
Бөлісу:
Елордада үш ауысымды мектептер азаяды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов екі мектептің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

ҚР президенті елорданы дамыту жөнінде өткен кеңесте орын жетіспеушілігін болдырмау мақсатында мектеп құрылыстарына жеке серіктестерді белсенді түрде тартудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Сауран және №24 көшелерінің қиылысында салынып жатқан білім ордасы 1200 орынға есептелген. Бұл жаңа мектеп салынған соң №84 және №85 мектептерде үш аусымды оқудың жүктемесін азайтады.

"Мектеп құрылысын салушының айтуынша мұнда инженерлік желілер тартылып, төбесі жабылған, ал келесі жылы әрлеу жұмыстарына кіріспек. Ал екінші барған мектеп Ұлы дала және №39 көшелерінің қиылысында салынып жатыр. Бұл оқу ғимараты да 1200 орынға есептелеген яғни №59 бен №76 мектептің жүктемесін азайтады. Қазір мұнда тек қадалары ғана қағылып тұр", - делінген таратылған ақпаратта.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс қарқынын күшейту қажеттігін айтты. Екі мектептің де құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланып отыр. 2020 жылы 9500 оқушылық орынға арналған 12 мектеп құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Инвестиция жөніндегі қалалық кеңестің отырысында 16 мың орындық (оның ішінде 3 мың мектепке дейінгі орын) 18 жеке мектептің құрылысына қолдау білдірілді. Инвестиция көлемі 50 млрд теңгеден асады.

Өзгелердің жаңалығы