Елордада Сарайшық көшесіндегі учаске жабылады

14 Маусым 2024, 06:10
259
Бөлісу:
Елордада Сарайшық көшесіндегі учаске жабылады
Фото: gov.kz

Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаске толығымен жабылады. Бұл туралы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сарайшық көшесінде Б. Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде осы жылдың 13 маусымы сағат 21:00-ден 17 маусым күні сағат 06:00-ге дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы