Есілде қызды құтқарамын деп ажал құшқан азаматтың есімі белгілі болды

11 Мамыр 2019, 12:00
2696
Бөлісу:
Есілде қызды құтқарамын деп ажал құшқан азаматтың есімі белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Есілге суға батып бара жатқан 12 жасар қызды құтқарып қалған азамат өзі суға кетіп қаза болды. Ерлік жасап, көз жұмған ер адам 47762 әскери бөлімінің сержанты Ерлан Райымқұлов екені белгілі болды. Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Бұған дейін кеше 10 мамыр күні сағат 12:10-да Есіл өзенінің «Газмашаппаратура» саяжай аумағында «Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары итінің соңынан суға секіріп, батып кете жаздаған 2007 жылы дүниеге келген қызға алғашқы медициналық көмек көрсеткені туралы, ал қызды құтқарған 1981 жылғы азаматтың қаза тапқаны туралы хабарлаған.

Кейіннен ерлік жасаған жігіттің есімі белгілі болды. 
 
"Әуе күштері қорғанысының 47762 әскери бөлімінің сержанты Ерлан Райымқұлов Есіл өзенінде батып бара жатқан қызды құтқарамын деп мерт болды. Оның артында екі ұлы мен әйелі қалды", - деп жазды Ержан Багдатов Facebook-тегі парақшасында.
Өзгелердің жаңалығы