Елордада Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаудағы дипломатияның рөлі талқыланды

25 Желтоқсан 2021, 11:45
1160
Бөлісу:
Елордада Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаудағы дипломатияның рөлі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде төтенше және өкілетті елші, ҚР Дипломатиялық қызметінің құрметті қызметкері Сайлау Батырша-ұлының 80-жылдығына арналған «Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаудағы дипломатияның рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті,деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Конференция жұмысына министрліктер мен ведомстволардың басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ЕҰУ мен басқа да жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, студент-жастар қатысты.

Қатысушылардың баяндамаларында дипломатиялық қызметтің егемен елдің ұлттық мүдделерін ілгерілетудегі маңызды рөлі талқыланды. Сонымен қатар  тәуелсіз Қазақстанның алғашқы дипломаттары тобының көрнекті өкілдерінің бірі С. Батырша-ұлының еліміздің тәуелсіздік таңындағы сыртқы саяси бағытын іске асырудағы елеулі үлесі ерекше атап өтілді.

Сайлау Батырша-ұлы - мемлекет қайраткері, өмірінің 40 жылдан астам уақытын дипломатиялық қызметке арнаған кеңес және қазақстандық дипломат. Сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары ретінде тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыруға және іске асыруға тікелей араласты. Әр жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып, және Қазақстанның Мысырдағы, Израильдегі елшіліктерінде жұмыс істеді, қазақтардың Бірінші Дүниежүзілік құрылтайын ұйымдастыруға белсенді атсалысты, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы