Елордада қарттар үйінен жоғалған әйел табылды

9 Сәуір 2022, 01:13
2384
Бөлісу:
Елордада қарттар үйінен жоғалған әйел табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада із-түзсіз жоғалған 57 жастағы әйел табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті хабарлады.

Осы жылдың 6 сәуірінде Есіл аудандық полиция басқармасына елорда тұрғыны жүгініп, бір күн бұрын Адырна көшесінде орналасқан «Забота» қарттар үйінен шығып кетіп қайтып оралмаған туысын іздеуге жәрдемдесуді өтінді. Жоғалған әйелді іздеу және тұрған жерін анықтау үшін елордалық полицияның жеке құрамына бағыттама берілді. Сонымен қатар көмекке волонтерлер де келді. Еріктілер полицияға қол ұшын беріп, көпқабатты үйлердің аулаларын, адам көп жиналатын орындарды, шатырлар мен жертөлелерді сүзіп шықты, - деп атап өтеді департаменттен. 

Ведомство мәліметінше, қабылданған іс-шаралардың арқасында «LIDER.KZ» волонтерлері жоғалған әйелді Жетіген көшесінің бойынан тауып, туыстарына тапсырған. 

Еріктілер жоғалған балалар мен қарттарды іздеуге атсалысып, полицияға үлкен жәрдем береді. Түрлі төтенше жағдайларда көмектеседі. Сол арқылы олар өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетіп жүр, - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Исенов.

Өзгелердің жаңалығы