Ертеңнен бастап елордада қандай орталықтар ашылады?

16 Тамыз 2020, 12:45
1288
Бөлісу:
Ертеңнен бастап елордада қандай орталықтар ашылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 тамыздан бастап,карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Осыған байланысты елордада қандай мекемелер ашылады. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаеваның қаулысында жазылған.

Сонымен ертең, яғни 17 тамыздан бастап келесі мекеме қызметі жанданады:

• азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

• сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын жұмыс күндері күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, демалыс аймақтарында және демалыс орындарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін белгілеумен және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілер мен олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, кинотеатрлардың, ойын орталықтарының, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады;

• жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30 пайыздан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;

• балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын (алдын ала жазылу бойынша, 5 адамнан артық емес) күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 11-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;

• білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының жұмысын (5 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;

• сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер,маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысын (қатаң түрде 1 келушіге 4 м2 есебінен алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін 10.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;

• моншалардың, сауналардың (бассейнсіз, массажсыз және пилингсіз) жұмысын бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтын қатысумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша)жұмыс режимін уақытша шектей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;

• фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың (бассейнсіз, массажсыз және пилингсіз) жұмысын 1 келушіге 5 кв.м дейінгі және 50 пайыздан аспайтын толтырумен қамтамасыз ету кезінде, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру;

• мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын меншік нысанына қарамастан, әр топта 15 баладан аспайтындай толтырумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық және карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:30-ден 18:00-ге дейін белгілеумен және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру.

Айта кетейік, 13 тамызда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. 2020 жылғы 17 тамыздан бастап барлық өңірде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.

Өзгелердің жаңалығы