Елордада протез шығаратын өндіріс іске қосылды

24 Ақпан 2022, 06:25
1027
Бөлісу:
Елордада протез шығаратын өндіріс іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Kazecotech ғылыми-техникалық кәсіпорны» ЖШС-мен қауіпті қалдықтарды басқару бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарт жасасқан, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресм сайты.

Нәтижесінде қайта өңделген материалдар протездік-ортопедиялық бұйымдарды дайындау кезінде пайдаланылатын болады. 

Басқарманың ұсынымы негізінде іске қосылған МЖӘ аясында модульдік цех салынды, ол Нұр-Сұлтанда протездік-ортопедиялық көмек көрсету орталығын құрудың алғашқы қадамы болып саналады, сондықтан елордада тұратын мүгедек жандар Қазақстанның басқа өңірлеріне бармай-ақ толық қызмет түрін ала алады.

Технологиялық процесте арматуралайтын материал қалдықтарын қайта өңдеу кезінде алынатын бағалы материалдық ресурстар пайдаланылатын болады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен жекеменшік әріптестер оңалтудың техникалық құралдары және протездік-ортопедиялық бұйымдар саласындағы әлемдік көшбасшы – Ottobock (Германия) неміс концернімен келіссөздер жүргізді. Өз кезегінде олар елордалық жобаны қолдап қана қоймай, оны жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Нәтижесі ұзаққа созылмады: алғашқы пациенттер аяғынан тік тұрып қалыпты өмірге қайта келді. Енді ottobock протездері бойынша көмек көрсету Қазақстан астанасында да болады.

Бұл ретте жоба бұйымдарды өндіру кезінде қайта өңделген шикізатты пайдаланудың арқасында қала экологиясын жақсартуға үлкен үлес қосады.

Өзгелердің жаңалығы