Елордада Pfizer-мен вакцинациялау басталды

15 Қараша 2021, 15:59
1172
Бөлісу:
Елордада Pfizer-мен вакцинациялау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елорда мектептері мен медициналық ұйымдарында Pfizer екпесімен вакцинациялау басталды. Аталған препарат ең алдымен балалар, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға салынады.

Мен елімізге Pfizer вакцинасы жеткізілетінін естігенде әлі жүкті едім. Екпе салдыра алатынымды біліп, қатты қуандым. Вакцинация өзімнің ғана емес, жақындарымның, айналамдағы адамдардың денсаулығы үшін қажет. Соңғы деректер бойынша, балалар мен жүкті әйелдер арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейген, – деді Гүлфайруз Ысқақова. 

Қазіргі таңда ана атануға дайындалып жүрген қала тұрғыны Әсел Адамова да вакцина індеттен қорғайтынына сенімді.

Қанша уақыттан бері әлем мен еліміз індетпен күресуде. Тіпті, жүкті әйелдер де, сәбилер де ауырып жатыр. Болашақ баламның, өзімнің денсаулығыма бей-жай қарай алмайтындықтан осында келдім. Бұдан ешқандай қауіп көріп тұрған жоқпын. Мен үшін аурудың алдын алу мен одан қорғану – басты орында, – деп атап өтті Әсел Адамова. 

Еліміздің бас қаласында Pfizer вакцинасы салынуы тиіс топтың қатарында 5 мың жүкті әйел, 28 мың бала емізетін аналар мен 12 жастан асқан 63 мың бала бар. Аталған тұлғалар санатын вакцинациялау қаланың медициналық ұйымдары мен білім беру мекемелерінде жүргізіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордалық жасөспірім бірінші болып Pfizer вакцинасын салдырғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы