Елордада өткен ТЕАТР ALL фестивалі мәресіне жетті

1 Қараша 2022, 05:10
1329
Бөлісу:
Елордада өткен ТЕАТР ALL фестивалі мәресіне жетті

Астанада өткен ТЕАТР ALL фестивалі мәресіне жетті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Театр сыншылары 14 өнер ұжымы ұсынған қойылымды тамашалап, түрлі аталым бойынша үздіктерді анықтады.

II-Халықаралық «TЕАТРALL» театр фестивалінің жүлдегерлері:

Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін - Бақытбек Алпысбаев (Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театры)

Үміт  - Назерке Серікболова (Жастар театры)

Ең үздік екінші план ер - Есжан Әсет (Алатау дәстүрлі өнер театры)

Ең үздік екінші план әйел - Диана Тұрсынова (І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры)

Үздік әйел - Ақниет Орынтай (Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік  академиялық қазақ музыкалық драма театры)     

Үздік ер адам-Жасұлан Ерболат (Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік  академиялық қазақ музыкалық драма театры)      Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық театры

Үздік сценография-Ғажайып трагедиясы қоюшы суретші Журкабаева Гульдана (Семей қаласы «Дариға-ай» жастар театры)        

Ә.Мәмбетов атындағы режиссерге арнайы сыйлық - Уланмырза Карыпбаев (Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры)   

Үздік қойылым-«Саманчының жолы» (Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық театры).

Айта кетейік, елордада 22-30 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі және Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының ұйымдастыруымен  Мәдениет және Спорт министрлігі, Халықаралық Түркі Мемлекеттерінің (ТҮРКСОЙ) ұйымы қолдауымен II-Халықаралық «TЕАТРALL» театр фестивалі өтті.

Бұған төмендегі өнер ордалары қатысты:

  1. Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік  академиялық қазақ музыкалық драма театры
  2. Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры
  3. «Алатау» дәстүрлі өнер театры»
  4. Санк-Петербург камералық «ТОК» театры
  5. «Золотая маска» Ұлттық театр сыйлығының иегері  мемлекеттік ГУЛАГ музейі және «Таратумб» шығармашылық бірлестігі
  6. Астана қаласының «Жастар» театры
  7. Семей қаласы «Дариға-ай» жастар театры
  8. Махтумкули атындағы Түркіменстан музыкалық-драма театры
  9. Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театры
  10. Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры
  11. Өзбекстан Республикасының Джизак музыкалық театры
  12. І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры. «Құс жолы» спектаклі
  13. Гейдар Алиев атындағы Тбилиси Әзірбайжан драма театры
  14. Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық театры.
Өзгелердің жаңалығы