Елордада оқушыларға автобуста тегін жүру карталарын беру уақытша тоқтайды

26 Сәуір 2023, 21:05
1242
Бөлісу:
Елордада оқушыларға автобуста тегін жүру карталарын беру уақытша тоқтайды
Фото: inform.kz

Көлік карталарын жеткізушіде логистика бойынша туындаған қиындықтарға байланысты 27 сәуірден атаулы (жеңілдікті және мектеп) көлік карталарын шығару және қайта шығару уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орталық кассада, Р. Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайы бойынша азаматтардың жеңілдікті және мектеп санаттары үшін көлік карталарын бастапқы шығаруға және қайта шығаруға құжаттар ғана қабылданады. Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінде пайдалануға арналған көлік карталары жеткізілгеннен кейін карталар шығарылып, өтініш берушілердің мекенжайларына тегін жеткізіледі, - делінген хабарламада.

Жеңілдікті немесе мектеп көлігі картасын алғанға дейін, пайдаланушыларға талон беріледі. Талонды қоғамдық көлікте пайдалануға және көліктік бақылау қызметкерлері тексеруі кезінде көрсетуге болады.

Сондай-ақ, Transcard.kz сайтында онлайн ресімделген өтінімдер карталар жеткізілгеннен кейін өңделетінін хабарлаймыз. Атаулы карталарды шығару жөніндегі қызметті қайта бастау туралы қосымша хабарланатын болады. Атаулы карталарды ресімдеу үшін қажетті құжаттардың тізімін Transcard.kz сайтынан көре аласыз немесе iKomek109 бірыңғай байланыс орталығынан 109 нөмірі арқылы нақтылай аласыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы