Елордада оқушылар арасында күзгі әскери-патриоттық ойындар өтеді

1 Қазан 2019, 19:14
1814
Бөлісу:
Елордада оқушылар арасында күзгі әскери-патриоттық ойындар өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Jas sarbaz – Jastar jylynda» күзгі әскери-патриоттық ойындарына қала мектептерінің үздік жас сарбаздары қатысады, деп хабарлады елорда әкімдігнің ресми сайты.

2-4 қазан аралығында елордадағы №68665 әскери бөлімінде «Jas sarbaz – Jastar jylynda» күзгі әскери-патриоттық ойындары өтеді. Жарыс Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы, Қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы елордалық филиалының ұйымдастыруымен өтеді.

Шара барысында жас өреңдерге әскери өмірдің қыр-сырлары таныстырылып, патриоттық тәрбиелелуге бағытталған жарыстар ұйымдастырылады.

 «Аталған жарыс «Жас сарбаз» тәрбиеленушілер үшін күзгі мезгілдегі әскери және спорттық шараларының ішіндегі асыға күтетін және үздік жас сарбаздар анықталатын ерекше шара. Әскери-патриоттық ойынның ашылуына ҚР Қорғаныс министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері департаменті, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму басқармасының және «Астана жастары» КММ орталығының, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының өкілдері, сондай-ақ олимпиада чемпиондары мен эстрада жұлдыздары қатысады», - делінген таратылған ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы