Елордада «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

24 Мамыр 2022, 01:11
1734
Бөлісу:
Елордада «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Елбасы академиясында «Мың бала» республикалық олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды. Олардың тең жартысы бесінші, ал қалғаны алтыншы сынып оқушылары. Биыл байқауға қатысуға 140 мыңға жуық бала өтініш білдірген.

Айта кетерлігі, бұл олимпиада елде 3-ші рет өтті. Мақсат ауылда тұрып жатқан жасөспірімдердің сапалы білім алуын қамтамасыз ету. 

Жеңімпаздар үлкен өмірге жолдама алады. Үлкен мамандандырылған мектептерге тегін негізде және конкурссыз қабылданады. Дарын, Білім-инновация, РФМШ мектептеріне және өңірлерде Зерде сынды мамандандырылған мектептер бар. Ата-аналар балаларымен ақылдасып, өз қалауы бойынша түсуіне болады, – деді "Елбасы академиясы" КҚ ресми өкілі Маржан Иманғалиева.

Ақтық сыннан сүрінбей өткендердің арасында Маңғыстау, Алматы және Қызылорда өңірлерінің оқушылары басым. 

Олимпиада маған қатты қиын болған жоқ. Сұрақтары оңай келді. Және де мен осы олимпиаданың екінші кезеңінен өткеніме қатты қуанамын. Болашақта жақсы мектептерде оқығым келеді, – деді олимпиада жеңімпазы Ақсұлу Зекен.

Өзгелердің жаңалығы