Елордада "Музейлер парады" акциясы өтіп жатыр

4 Қараша 2019, 11:32
1412
Бөлісу:
Елордада "Музейлер парады" акциясы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда "Музейлер парады" акциясы шеңберінде "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде "Халық дәстүрі – асыл қазына" атты шара өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына  отансүйгіштік, адамгершілік  қасиеттерін қалыптастыру, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.

Оған Ақмола ауылы мәдениет үйінің "Әжелер" хор ансамблі, "Малиновка" тобы, "АЛЖИР" мұражайының ұжымы және ауыл тұрғындары қатысады. Келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, көрініс қойылып, ұлттық ойындар ойнатылады.

Сондай-ақ қонақтарға "Алаш", "АЛЖИР" залдары бойынша қазақ,  орыс тілдерінде экскурсия өткізіліп,  "АЛЖИР"-дің ызғарлы суығы" деректі фильмі көрсетіледі.


Өзгелердің жаңалығы