Елордада мереке күндері ауа райы ашық болады

1 Мамыр 2021, 19:35
965
Бөлісу:
Елордада мереке күндері ауа райы ашық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы мерекелік демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды. 

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

1 мамыр: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 1-3 градус, топырақ бетінде -1-3 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады.

2 мамыр: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 0-2 градус, топырақ бетінде -1-3 градус, күндіз 16-18 градус жылы болады.

3 мамыр: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысуымен 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 20-22 градус жылы болады.

 



Өзгелердің жаңалығы