Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай жасөспірімдер арасында веложарыс өтті

4 Маусым 2023, 08:36
720
Бөлісу:
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай жасөспірімдер арасында веложарыс өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елорда маңындағы «Астана орманы» жасыл белдеуі аумағында Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күніне орай 3 және 12 жас аралығындағы балалар арасында веложарыс өтті. Бұл туралы BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Астана қаласының Триатлон федерациясының президенті Евгений Больгерт, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ҚХА кеңесі мүшесі, Қазақстан Республикасындағы «Вайнах» шешен және ингуштар қауымдастығының тең төрағасы Юсуф Келигов және қалалық спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов қатысты.

Баршаңызды ең алдымен 4 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздер күнімен құттықтаймын! Еңселі елордамыз әрдайым жарқын және талантты спортшылармен танымал. Елінің көк туы желбіреуін әркім де қалайтыны сөзсіз. Мұнда сенбінің таңымен қаламыздың кішкентай нағыз патриоттары мен батырлары жиналды. Алдағы уақытта сіздер секілді талантты жас ұрпақ халықаралық додаларда жеңімпаз атанарына сенемін. Баршаңызды осы тамаша мерекемен құттықтағым келеді, – деді басқарма басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов.

Жас велошабандоздар жас ерекшеліктері бойынша бірнеше шақырым қашықтықта өзара мықтыны анықтады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты жас буынды – адамгершілік-патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, кішкентай қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен велоспортты дамыту.

Өз жас санаты бойынша 5,4 шақырымды бағындырып жеңімпаз атанған Александр Нелепченко өз әсерімен бөлісті.

Спорттағы кумирім – Александр Винокуров. Мен де өскенде Винокуров секілді Олимпиадада Қазақстанның көк туын желбіреткім келеді. Ол үшін қазірден тынбай жаттығамын. Бүгінгі жеңісім – үлкен мақсаттарымының бір бөлігі ғана, – деді жеңімпаз.

Жарыс қорытындысы бойынша:
2011-2012 жылдары туғандар. 5,4 шақырым.

Ұлдар бәсекесі:
1-орын: Александр Нелепченко;
2-орын: Рашид Нұрғалиев;
3-орын: Константин Пахоруков.

Қыздар бәсекесі:
1-орын: Айша Нұрғали;
2-орын: Айым Анарбек;
3-орын: Диляра Мұсағалиева.

2013-2014 жылдары туғандар. 2,7 шақырым.

Ұлдар бәсекесі:
1-орын: Алан Васильев;
2-орын: Роман Лозовой;
3-орын: Димаш Телман.

Қыздар бәсекесі:
1-орын: Нұрай Қанатбек;
2-орын: Марина Упряк.

2015-2016 жылдары туғандар. 2 шақырым.

Ұлдар бәсекесі:
1-орын: Александр Райт ;
2-орын: Мереке Әлтайыр;
3-орын: Әділ Құрман.

Қыздар бәсекесі:
1-орын: Сембина Найрият;
2-орын: Жанайым Тынышқызы.

5 жас және одан кіші жастағы бәсеке. 200 метр.

Ұлдар бәсекесі:
1-орын: Самат Абдусамад;
2-орын: Бақтыбай Мухаммад.

Қыздар бәсекесі:
1-орын: Жасмин Ермұхан;
2-орын: Мереке Томирис.

Жарыс соңында мәреге жеткен қатысушыларға естелік медальдар үлестірілді. Сол сияқты олардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылды.

Өзгелердің жаңалығы