Елордада мектептен 197 млн теңге жымқырғандар ұсталды

13 Тамыз 2022, 07:45
1232
Бөлісу:
Елордада мектептен 197 млн теңге жымқырғандар ұсталды

Елорда мектептерінің бірінде есепші мен шаруашылық қызметкері 7 жыл бойы мемлекет қаражатын жымқырып келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар еден жуушылардың есепшотына артық ақша аударып, кейін "қателесіп кетіппіз" деген сылтаумен өздеріне қайтарып алып отырған. Жымқырған ақшаның жалпы сомма - 197 миллион теңге. 

Есепшілер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері осындай 22 қылмыстық іс тіркеліп, оның 9-ы сотқа жолданған.

Өзгелердің жаңалығы