Елордада мектеп есепшілері 130 млн теңгені жымқырып қойған

30 Сәуір 2024, 11:34
822
Бөлісу:
Елордада мектеп есепшілері 130 млн теңгені жымқырып қойған
Фото: Астана қаласының прокуратурасы

Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған.

Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады.

Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы