Елордада МӘМС, АӘК-тің жаңа форматы түсіндірілді

18 Қаңтар 2020, 06:49
1227
Бөлісу:
Елордада МӘМС, АӘК-тің жаңа форматы түсіндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің бірқатар басқармалары атаулы әлеуметтік көмек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ұсынудың жаңа тәсілін түсіндіру бойынша білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік қызметкерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шараға Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, қалалық білім беру мекемелерінің әлеуметтік қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында халықты әлеуметтік қорғаудың маңызды мәселелері, сондай-ақ АӘК тағайындаудың жаңа тәсілдері мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық көмек көрсету жайлы ақпарат берілді.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері бойынша реформа бастау алды. Негізгі міндет – еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, тұрақты жалақы төлеу және оларды өмірдің қиын жағдайынан шығару.

Сондай-ақ, осы жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі де іске қосылды. МӘМС жүйесіне тіркелмеген ел азаматтары ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін сақтандыру жүйесіне тіркелу қажеттігін айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы