Елордада әлеуметтік көмек алушыларға қосымша қаржы бөлу қарастырылды

23 Тамыз 2019, 04:15
2128
Бөлісу:
Елордада әлеуметтік көмек алушыларға қосымша қаржы бөлу қарастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды арнайы көмекпен одан әрі қарай қамтамасыз ету үшін қосымша 641,1 млн теңге бөлу мәселесі қалалық мәслихат отырысында талқыланды, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Қалалық Жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау басқармасына 1 млрд 51,1 млн теңге қосымша қаржы бөлу қарастырылған. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекке 641,1 млн теңге, жұмыспен қамтамасыз етуге 100 млн теңге, одан бөлек зейнеткерлерді санаториялық-курорттарда емделуіне 24,9 млн теңге және мүгедектерге 100,2 млн теңге бөлу қарастырылуда», - деді қалалық Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев. 

Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың көмекшілерінің жалақысын көтеру мәселесі тұр. Бүгінде қалада 615 көмекші қызметкер бар. 

«Одан бөлек, Білім басқармасына 1 млрд 521,6 млн теңге қаржы бөлінді. Атап айтқанда, мектеп оқулықтары, әдістемеліктер сатып алуға – 1,0 млрд теңге. Мектепке дейінгі білім беру мекмесіне, яғни балабақшаға 349,3 млн теңге бөлу қарастырылған», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы