«Бомба қойылды». Елордада көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды

18 Қаңтар 2021, 10:13
1948
Бөлісу:
«Бомба қойылды». Елордада көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды. Ол жерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар түскен. 

16 қаңтар сағат 22:03-те елорданың тұрғын үй кешендерінің біріне бомба орнатылғаны туралы қоңырау түскені туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері 60 адамды эвакуациялады. Жарылғыш зат табылған жоқ, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

Күдікті ұсталған. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүріп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы