Елордада көпірден секіруге тырысқан ер адам құтқарылды

3 Сәуір 2022, 15:43
1489
Бөлісу:
Елордада көпірден секіруге тырысқан ер адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінен мәлім болды. 

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 7:22-де Жедел басқару орталығының «102» арнасына Қабанбай батыр даңғылында ер адамның көпірден төмен секірмек болғаны туралы қоңырау келіп түскен. 

29 жастағы ер адам Қабанбай батыр даңғылындағы көпірден секірмек болған. Бұл туралы хабар сағат 07:22-де түсті.

Полиция оқиға орнына жеткен кезде ер адам қоршаудың артында болды. Полиция онымен сөйлесуге тырысты, бірақ ер адам байланысқа шықпай, өзіне ешкімді жібермеді.

Бір сәтте аға лейтенант Қайрат Құснеденов ер адамды шығарып алды.

«Ер адамның қашып кетуіне қарамастан, біз оны қуып жеттік те мән-жайды анықтау үшін «Есіл» ауданының полиция басқармасына жеткіздік», деді Қайрат Құснеденов.

Өзгелердің жаңалығы