Елордада қала маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды

27 Наурыз 2021, 10:17
1206
Бөлісу:
Елордада қала маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды.

Бұл туралы қала тұрғындары әлеуметтік желілерде жазды.
Қалалық автобустарды біреу көрді ме?. «Автобустар қайда, біз аялдамада бір сағатқа жуық тұрамыз»,  «бұрын ауа райында қалай жүрдік? Қазір не болып жатыр? Жұмысқа қалай жетуге болады?, - деп Instagram қолданушылары шағымданып жазба қалдырған.

Astro Bus қосымшасы да істен шыққан.

Сонымен қатар, көлік компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңындағы барлық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылғанын айтады.


Ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) барлық қала маңына қатынайтын бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, қалалық автобустардың қозғалысы тоқтаған жоқ, бірақ көктайғақтың салдарынан көліктің маршруттарға шығуында қиындықтар болуы мүмкін.

Елордалық ТЖД мәліметінше, 27 наурызда көктайғақ, боран және тұман болады.

Ал жексенбі, 28 наурызда жоспарланған дезинфекцияға байланысты қалалық және қала маңындағы маршруттар жолға шықпайды.


Өзгелердің жаңалығы