Елордада қай жас шамасындағы адамдар вирусты көп жұқтырғаны айтылды

29 Наурыз 2021, 18:57
1454
Бөлісу:
Елордада қай жас шамасындағы адамдар вирусты көп жұқтырғаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

14 жасқа дейінгі балалар арасында жағдайдың 1,8 есе өсуі байқалады. Нақты айтсақ, қаңтарда – 571, ақпанда – 479, наурызда – 871 жағдай тіркелген. Осыдан балалардың барлық жас тобында өсу көрсеткіші байқалады, - деп айтты Бейсенова.

Сонымен қатар наурыз айында жұмыс істейтіндер арасында 43,6%, жұмыс істемейтін тұрғындар арасында 22%, оқушылар арасында 11,3% және зейнеткерлер арасында 11,7% өсті.

Наурыз айында жұмыс істейтіндер арасында 1,7 есе, жұмыс істемейтін тұрғындар мен зейнеткерлер арасында 1,5 есе, оқушылар арасында 1,6 есе және студенттер арасында 1,5 есе өскені байқалып отыр. 26 наурыздағы жағдай бойынша оқу жылының басынан бері оқушылар арасында 1 654 жағдай тіркелді. Оның 515-і офлайн режимдегі оқушылар және 1 114-і қашықтан оқитын оқушылар арасында, - дейді дәрігер.

Оның сөзінше, наурыз айында офлайн форматта оқитын балалар арасында COVID-19 жұқтыру қарқыны 10%-ға өсіп отыр. Сондай-ақ оқу жылы басталғалы бері елордада 90 мектеп карантинге жабылды.

Мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалар арасында 170 жағдай тіркелген. 104 балабақша оның ішінде 95 топ карантинге жабылды. Бір балабақшадан 9 КВИ жағдайы тіркелген. Қазіргі уақытта 19 мектепке дейінгі мекеме, оның ішінде 16 топ карантинде, - деп айтты бас санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова.
Осыған дейін «ызыл аймақтағы» елордада коронавируспен ауырғандар саны екі есеге өскені белгілі болды.
Өзгелердің жаңалығы