Елордада халықаралық «Шабыт» фестивалі басталды

Елордада халықаралық «Шабыт» фестивалі басталды
1062

Елордада шығармашыл жастардың XXV халықаралық «Шабыт» фестивалі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетерлігі, биыл байқаудың түндігі 25-ші рет түріліп отыр. Ұлттық мереке  атауы берілген 25 қазан - Республика күні қарсаңында өткізіліп отырған фестивальдің ауқымы жыл өткен сайын кеңейіп келеді.

Байқауға 16 мен 30 жас арасындағы орындаушылар қатысуда. Конкурс жеті аталым: «Скрипка», «АВАК» (альт, виолончель, контрабас), «Фортепиано», «Эстрадалық вокал», «Эстрадалық-музыкалық аспаптар», «Академиялық вокал», «Хорды дирижерлеу» сынды аталымдар бойынша өтеді, - деп атап өтті ұйымдастырушылардың өкілі Батыржан Смақов. 

Елордада халықаралық «Шабыт» фестивалі басталды

Айтуынша, байқауға 200-ге жуық өтініш келіп түскен.

Фестивальге көптеген елден, атап айтқанда, АҚШ, Ресей, Македониядан білікті қазылар алқасы арнайы шақырылыпты.

Өнер додасына қатысуға еліміздің өңірлерінен ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан Ресей, Жапония, Америкадан 200-ден астам дарынды жас тарапынан өтініштер келіп түсті, - деді Батыржан Смақов.

Байқау бес күнге жалғасады. Нағыз дүлдүлдер додаға түсетін фестиваль өнерпаздарға шабыт сыйлап, олардың өнер әлеміндегі жолын ашатынына сенім мол.

Елордада халықаралық «Шабыт» фестивалі басталды
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы