Елордада Хабиб Нурмагомедов лигасының EFC 50 турнирі өтіп жатыр

21 Тамыз 2022, 17:40
1420
Бөлісу:
Елордада Хабиб Нурмагомедов лигасының EFC 50 турнирі өтіп жатыр
Фото: автордан

Елордада аралас жекпе-жектен Хабиб Нурмагомедовтің Eagle FC лигасының мерейтойлық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Демалыс күні елордалықтар «Барыс Аренаны» жағалап жүр. Себебі Khabib Nurmagomedov Eagle Fighting Championship (EFC 50) 50-ші турнирі өтіп жатыр. Кеште бақ сынасатын басты спортшылар Дияр Нұрғожай мен Константин Андрейцев.

Елордада Хабиб Нурмагомедов лигасының EFC 50 турнирі өтіп жатыр

Аралас жекпе-жектен EFC мерейтойлық турнирінің арнайы қонағы және лиганың иесі – жеңіл салмақтағы Ultimate Fighting Championship (UFC) экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов.

EFC 50 көрерменін бірден екі титулдық жекпе-жек күтіп тұр.

Имам-Шапи Мұхтаров пен Азамат Джигкаев жартылай орта салмақтағы уақытша белбеу үшін жұдырықтасады.

Жартылай ауыр салмақтағы бос орын үшін жеңіліс көрмеген қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожай мен ресейлік Константин Андрейцев таласады.

Дияр Нұрғожайда жеті жеңіс бар, осы күнге дейін жеңіліп көрмеген спортшы.

Өткен жылдың қазан айында оның EFC чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасуға мүмкіндігі бар еді. Бірақ оның қарсыласы Степан Горшечников жарақатына байланысты жекпе-жектен шығып, жекпе-жек титулдық мәртебесінен айырылды.

Алайда Дияр  жеңіп, өз рекордын нығайтты.

Константин Андрейцевтің еншісінде 18 жеңіс, 13 жеңіліс бар. Константин соңғы екі жекпе-жегінде қазақстандық қарсыластармен кездескен.

2021 жылдың ақпанында ол Акбар Таировтан нокаутпен жеңілді. 2022 жылдың шілдесінде Ақтауда өткен EFC 48 турнирінде Константин Захар Рябовты жеңді.

Дәл осы жеңістен кейін Андрейцев әлеуметтік желіде Нұрғожайды кездесуге шақырып, Дияр оның ұсынысын қабылдады.

Константин Андрейцевті жеңген жағдайда Дияр Нұрғожай Қазақстаннан EFC лигасының алғашқы толық чемпионы атана алады.

Екі титулдық жекпе-жектен басқа, EFC 50 аясында лиганың кәсіпқой спортшылары арасында  16 жекпе-жек өтеді.

Турнирдің негізгі кестесі келесідей:
• Константин Андрейцев – Дияр Нұрғожай
• Азамат Джигкаев – Имам Шапи Мұхтаров
• Руслан Яманбаев – Әкімжан Жасұлан
• Абдулмалик Мугидинов – Данияр Қойшыбек.

Жалпы турнирде спортшылардың 14  жұбы өнер көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы