Елордада есірткіні қолдану мен таратуға қарсы іс-шара өтті

27 Маусым 2022, 18:46
1401
Бөлісу:
Елордада есірткіні қолдану мен таратуға қарсы іс-шара өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада есірткі заттарын теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күніне орай «Біз – баламамыз» акциясы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Акцияны «Сана» жеке тұлғаны оңалту және қайта әлеуметтендіру орталығы» қоғамдық қоры мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырды.

Акция «Нұр-сұлтан – есірткісіз қала» іс-шараларының 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының тармақтарын, сондай-ақ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық топ отырысының хаттамасын орындау аясында өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың, алкоголизмнің, құмар ойындардың, тәуелділіктің алдын алу және ескерту, салауатты өмір салтын, спортты насихаттау.

Есірткіні пайдалануға қарсы іс-шараны алғаш рет өткізіп отырмыз. Біз алкоголизмді, нашақорлықты, құмар ойындар мен тәуелділікті емдеумен айналысамыз, төрт бағытта жұмыс жүргіземіз. Біздің жұмысымыз кешенді түрде жүргізіледі, яғни пациенттермен психологтар, кеңесшілер, осы жолдан өткен адамдар жұмыс істейді. Статистика бойынша 100-ден 90%-ы оң нәтиже көрсетеді, – дейді «Сана сезім» оңалту орталығының жетекшісі Руслан Қаржаубаев.

Орталық халықтың әлеуметтік қорғалмаған және тұрмысы нашар топтарына, жасөспірімдер мен жастарға: нашақорларға, маскүнемдерге, үйсіз-күйсіз, панасыз және басқа да осындай санаттағы адамдарға пәрменді көмек көрсетеді және жаңа мүмкіндік алуға мүмкіндік береді.

Елорда тұрғындары концертті тамашалап, конкурстарға қатысып, ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарын алды.

Өзгелердің жаңалығы