Елордада ерекше театр ашылды

6 Тамыз 2019, 21:41
2722
Бөлісу:
Елордада ерекше театр ашылды

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Астаналық заманауи театры «АZT» өз жұмысын бастады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Жаңа өнер ордасы қала қонақтарына өз шымылдығын «Шекспир қиялы» спектаклімен ашты. Театр ансамбльі 15 жас таланттардан құралған. 

Барлығы халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты атанған жастар. Театрдың басқалардан ерекшелігі бір қойылымды үш тілде өткізуінде. 

Яғни, осыған дейін ешбір театр бұл бағытты ұстанған емес. «Шекспир қиялы» спектакліне лық толы зал жиналды. Қойылымға Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұралы Айдашев, ҚазҰӨУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Қымбат Тілеуова, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы Айнұр Бермұхамбетова, ҚазҰӨУ ұстаздары мен жалпы театр сүйер қауым келді. 

Сыншылар мен көрермендер алғашқы қойылымға жоғары баға берді. Қымбат Тілеуованың сөзінше, жастар жылында жас буынды қолдау, біздің негізгі мақсатымыз болып табылады деп есептейді. 

«Біздің мақсатымыз - жастарды қолдау. Астаналық заманауи театр біздің елімізде жоқ өнер ордасының біріне айналары сөзсіз. Сіздерден күтер үмітіміз зор»,- деп атап өтті шарада Қ.Тілеуова. 

Бір жарым сағат көлемінде ән де айтылды, би де биленді, көрермен күлді әрі көңілі босады. «AZT» театрының алға қойған мақсаты биік. Театр құрамындағы әрбір жас болашақта қазақ өнерінің аспанындағы жарық жұлдызға айналуды мақсат еткен. Ертеңнен бастап өнер ұжымы Рақымжан Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» атты драмасына дайындық жұмыстарын бастайды.



Өзгелердің жаңалығы