Елордада "ECOJER" екінші халықаралық конгресі өтеді

24 Мамыр 2022, 12:36
960
Бөлісу:
Елордада "ECOJER" екінші халықаралық конгресі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 2 маусымда "ECOJER" екінші жыл сайынғы халықаралық конгресі өтеді. Диалог алаңы әлемге әйгілі тәжірибелі сарапшыларды, экоактивистерді, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың, халықаралық ұйымдардың басшыларын және сала кәсіпқойларын жинайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Конгрестің ұйымдастырушылары мен серіктестері – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымы, БҰҰДБ, түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы (TURKPA).

Іс-шара аясында келесі тақырыптар талқылауға шығарылады:

- Экологиялық реформа: индустриялық трансформацияның мүмкіндіктері;
- Су ресурстарын басқару жүйесін жаңғырту;
- Ұлттық экономиканы декарбонизациялау және тұрақты қаржыландыру құралдары;
- Turk PA-ға мүше елдердегі тұрақты даму саясатындағы гендерлік мүмкіндіктер;
- Баламалы энергия көздерінің жаңа нарығын қалыптастыру.
Конгресті өткізу кезінде гендерлік алшақтықты қысқарту бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның акселераторына қосылудың салтанатты рәсімі өтеді.

"ECOJER" - ге қатысқысы келетіндер https://ecocongress.kz/ сайтына тіркелуі керек.

Іс-шара 2 маусымда Сауран, 46 мекенжайы бойынша "Hilton" қонақ үйінде өтеді.

Өзгелердің жаңалығы