Елордада демалыс күндері мәдени демалысты қалай өткізуге болады

5 Ақпан 2022, 18:19
1532
Бөлісу:
Елордада демалыс күндері мәдени демалысты қалай өткізуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы демалыс күндері елордалық театрлар көрермендерге танымал спектакльдар мен премьералық қойылымдар ұсынады. Тиісінше карантиндік шектеулер мен санитарлық нормалар сақталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада Қуыршақ театры 5 және 6 ақпан күндері сағат 12:00, 14:00 және 16:00-де жас көрермендерді Т.Хасанғалиеваның «Қыс туралы ертегі» ертегісіне шақырады.
М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры осы сенбі және жексенбі күндері «Народная кадриль» лирикалық комедиясын ұсынады. Қойылым сағат 18:00-де басталады.

6 ақпан күні сағат 16:00 және 19:00-де NOMAD City Hall-да Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» драмасы көрсетіледі.

5 ақпан күні сағат 12:00-де №4 балалар кітапханасы өз оқырмандары үшін «Біз ядролық қарусыз әлем үшін» атты кітап толы ақпараттық сөресін дайындайды.
Айта кету керек, іс-шаралардың бәрі санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы