Елордада бірқатар көшеге танымал тұлғалардың есімдері берілді

26 Тамыз 2022, 13:23
958
Бөлісу:
Елордада бірқатар көшеге танымал тұлғалардың есімдері берілді

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің 11 тамыздағы 2022 жылғы 18 тамыздағы № 511-2308 қаулысы мен қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 17 тамыздағы № 216/28-VII шешіміне сәйкес

жобалық атауы А82 көшеге Мұхамеджан Тынышбайұлының;

жобалық атауы № 23-15 көшеге Қалибек Қуанышбаевтың;

жобалық атауы Е11 көшеге Әзілхан Нұршайықовтың;

жобалық атауы Е609 көшеге Әшірбек Сығайдың;

жобалық атауы Е613 көшеге Саят Абеевтің;

жобалық атауы Е632 көшеге Тұяқберді Шәмеловтің;

жобалық атауы Е633 көшеге Бақтыгерей Құлмановтың;

жобалық атауы Е635 көшеге Ғазиз Байтасовтың;

жобалық атауы Е809 көшеге Жошы ханның;

жобалық атаулары Е585 және Е865 көшелерге Әмір Едігенің;

жобалық атаулары Е586 және Е875 көшелерге Роза Жаманованың;

жобалық атаулары Е589 және Е611 көшелерге Тұрмағамбет Ізтілеуұлының;

Сығанақ көшесінде орналасқан атаусыз саябаққа «Бухарест» саябағы атауы берілді, – деп жазды басқарма басшысы.

Ал бұрынғы Мұхамеджан Тынышбаев деп аталатын көше Иманжүсіп Құтпанов көшесімен біріктірілді.

Өзгелердің жаңалығы