Елордада бауырын құрт жеген қызға ерекше ота жасалды

19 Наурыз 2023, 09:21
1291
Бөлісу:
Елордада бауырын құрт жеген қызға ерекше ота жасалды
Фото: gov.kz

Елімізде алғаш рет бауырды синтетикалық протезбен трансплантациялау бірегей операциясы жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Advance хирургия санатындағы операцияны Ұлттық ғылыми онкология орталығының білікті дәрігерлері  жасады. 

Альвеококкоз деген дертке шалдыққан 30 жастағы науқастың күннен-күнге ауруы үдеп, паразит жүрегіне жайыла бастаған. Ешқандай ем қонбаған соң қарындасына ағасы бауырының 65 пайызын берген. 

Пациентіміздің осындай дертке шалдыққаны кеш, аурудың соңғы сатысында анықталды. Содан бері бірнеше паллиативті ота жасалғанымен, науқастың жағдайы жақсармады. Жалпы, альвеококкоз – онкологиядан кем ауру емес. Паразиттік ауру. Бауырдың альвеококкозын қатерлі ісікпен салыстырады. Ешқандай ем қолданылмаса, мұндай диагнозы бар адамдар әрі кетсе 10 жыл ғана өмір сүреді. Сондықтан бірегей технологияны тәжірибеге енгізу арқылы ауыр дертке шалдыққан жандарға көмектесуге болады, - деп атап өтті Ұлттық ғылыми онкология орталығының маманы, профессор Тоқан Сұлтанәлиев. 

Операция 16 сағат 17 минутқа созылып, сәтті ақталды. 

Дәрігерлердің айтуынша, қарындасына бауырының жартысынан көбін берген донордың жағдайы жақсы. Екі айдан соң оның организмінде жаңа бауыр өсіп шығады деп отыр. Сондай-ақ ол еш кедергісіз бұрынғы өмірін жалғастыра береді. 

Мамандар бүкіл әлемдегідей, Орта Азияда эхинококкоз және альвеококкоз бойынша эндемиялық өңір екендігін ескертеді.  

Өзгелердің жаңалығы