Елордада Балалар жылы қалай тойланады?

23 Мамыр 2022, 16:31
1399
Бөлісу:
Елордада Балалар жылы қалай тойланады?
Фото: zakon.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев онлайн брифингте елордада Балалар жылы қалай тойланатынын түсіндіріп берді.

Білім басқармасының басшысы мәліметінше, елордада Балалар жылын өткізу үшін 7 негізгі бағыт бойынша қалалық әс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Бұл «Білімді бала», «Отбасы – қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «Бала қорғау» және Balatime.kz бағыттары. 

Сапалы әрі тиімді жұмыстарды ұйымдастыру үшін Балалар жылын өткізу бойынша қалалық жедел штаб құрылды. Балалар жылы аясында осы күнге дейін бірқатар іс-шара атқарылды. Елордада Балалар жылы «Қазақконцертте» мыңнан аса баланың қатысуымен өткен «ІV қалалық шаттық – 2022» галаконцертімен басталды. Ол балалардың және жұлдыздардың қатысуымен ұйымдастырылды, - деп айтты Қасымхан Сенғазыев.

Сөзінше, елордада балалардың құқықтарын қорғау бөлімі ашылды. Ол Білім басқармасының жанынан арнайы құрылды.

Сәуірде №88 мектепте аутизм диагнозы бар балаларды қолдау кабинеті ашылды. Одан бөлек, Көктал тұрғын алабында спорттық-шығармашылық орталығы ашылды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 2 550 орынға арттырылды, - деп түсіндірді қаланың Білім басқармасының басшысы.

Өзгелердің жаңалығы