Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтетін орын өзгереді

19 Қазан 2023, 18:52
519
Бөлісу:
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтетін орын өзгереді
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтетін орын ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Енді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкелері «Астана Арена» стадионының алдында өтеді.

Орналасқан жердің ауысуына байланысты өзгерістер аймақтық жәрмеңкелерді өткізу кестесіне де әсер етті. Мәселен, 21-22 қазанға жоспарланған Қарағанды және Ұлытау облыстарының жәрмеңкесі 28-29 қазанға ауыстырылады.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы дәстүрлі түрде 4-5 қарашада елордаға келетін Ақмола облысымен аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы