Елордада "Атамекен" көрмесі ашылды

11 Қазан 2019, 11:15
4794
Бөлісу:
Елордада "Атамекен" көрмесі ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайында ұлттық мәдениетті құрметтеп, жас суретшілердің шығармашылығын дамытуға арналған "Атамекен" көрмесі ашылды.

Көрмеге ұстаз, Қазақстан Республикасы суретшілер одағының және ҚР дизайнерлер одағының мүшесі, суретші Өмірбек Тлеулиевтің 100-ден астам шығармасы қойылды.

ата9.jpg

Көрменің мақсаты мектеп оқушыларын Отанды сүюге, адамгершілікке және ұлттық мәдениетті құрметтеуге баулып, балалардың шығармашылық жетістіктерін дамыту. 

тух1.jpg

"Атамекен" сериясында - автор қазақ халқының өткенін суреттейді. Суретші шығармаларында ата-жұрт, салт-дәстүр, ұлттық аспаптар, отбасы бірлігі, махаббат, еркіндік, табиғат, құрмет тақырыптары қамтылған.

ата10.jpg

"Өмірбек Тілеулиев шығармашыл ұстаздардың бірі. Ұстаз шығармашыл болса оның алдындағы шәкірттері де талаптанып, мұғалімге ұқсағысы келеді. Суретші бүгінгі күнге қандай жетістікпен келгенін айтып, көрмесін өткізіп жатыр. Мұнда негізгі тақырып "Атамекен" болғанымен салу стильдері әр түрлі. Бұл жерде графика, оро техникасы, майлы бояу да бар. Қарандашпен матаға салған сурет техникасы да ерекше. Сондықтан осының бәрі үлкен композициялық көрмеге ұласып, суретшінің жан-жақты тереңдігін көрсетеді. 1938 жылғы жұт, 1986 жылдың оқиғасы, 1937 жылдардағы репрессия осының бәріне бір серия арналған. Бүкіл қазақтың тұрмыс-салтынан сыр шертетін жеке серия да бар. Оның қатарында "Көш", "Атамекен" композицияларын ерекше атап өткім келеді. Майлы бояумен салған "Атажұрт", "Ел" суреттері де бар. Бұл рухани жаңғыруға қосылып жатқан үлкен еңбек деп білемін. Балалар осы шығармалар арқылы еліміздің тарихындағы елеулі оқиғалармен танысып, сусындайды. Бұл өскелең ұрпаққа ой салар үлкен шығармалар", - деді елордадағы Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.

ата6.jpg

Суретші атамекен тақырыбында графикаға басымдылық бергенін айтады.

"Бүгінгі көрме есеп беру көрмесі. Оқушылар сарайында 6-7 жылдан бері еңбек етіп келемін. Шәкірттерім көрмені көрсін, білісін, үйренсін деген тілекпен осы көрме ұйымдастырылды. Осы жұмыстардың бәрі Оқушылар сарайы қабырғасында дүниеге келген жұмыстар. Атамекен тақырыбын алған себебім ұлттық дәстүрді ұмытпай, есте сақтап, біліп жүрген дұрыс. Шығармаларымда мен бұрынғы мен қазіргі уақытты салыстырғым келді. Қазақтың басынан не өтпеді, сол тарих есте болсын, ұмытылмасын деген мақсатта осы туындылар дүниеге келді. Әр жұмыстың тақырыбы, астары бар. Оның ішінде қуаныш та, оның ішінде реніш те бар. Адамның көңіліне жағатыны, жақпайтыны да болуы мүмкін. Өйткені әр адам әр түрлі көріп қабылдайды ғой. Суретші іштей не сезсе, сол қағаз бетіне түседі. "Ата-жұрт" , "Атамекен" тақырыбы көрменің негізі. Өнер жолы инемен құдық қазғандай. Бұл жерде кескіндеме де бар, графика да бар. Осы графикаға көңіл бөлгенім өзім кезінде кітап безендірушісі мамандығын да игергенмін. Суреттердің ішіде әуен де, поэзия да бар. Бәрі бір-бірімен араласып, астасып жатыр. Көрмеге барлығы 100-ден аса жұмыс қойылған. Бүгінгі көрме кезінде шыққан "Елім-ай" сериясының жалғасы", - деді суретші Өмірбек Тілеулиев.

ата4.jpg

Мектеп оқушылары да көрменің тарихпен байланысы еркеше екенін айтты.

ата1.jpg

"Маған көрме өте ұнады. Өйткені әр суреттің өзіндік тарихы, болмысы, пайымы бар. Қылқалам туындылары Қазақстан тариыхымен тығыз байланысты. Тарих пен сурет өнері қосындысынан тамаша, бірегей туыныдалар жасалыпты. Әр суретте терең мағына бар. Мен бір тарихи кітап оқып шыққандай әсерде болдым",- деді №86 мектептің оқушысы Омарова Фатима.

ата7.jpg

Бейнелеу өнері бөлімінің ұстаздары оқушылар ұлттық салт-дәстүрді осындай шығармалар арқылы терең түсініп, үйрентінін айтады.

ата3.jpg

"Суретішінің қазақты рухтандыратын, тарихқа сыр шертетін, біраз суреттері бар. Көрмеден рухани байып қайттық. Суретші күз тақырыбын өте қанық көрсеткен, ауыл тақырыбы жан-жақты бейнеленген. Бұл көрменің өскелең ұрпақ үшін берері мол. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында дүниеге келген көрменің өскелең ұрпаққа берері мол. Өйткені ұлттық салт-дәстүрді білген бала, тарихымызды ұмытпайды", - дейді Оқушылар сарайының спорт бөлімі жетекшісі Амангелді Мырзабаев.

 ата5.jpg

ата8.jpg

тух.jpg

 

Өзгелердің жаңалығы