Нұр-Сұлтанда асқазан обырын анықтау мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылады

24 Шілде 2019, 20:52
2135
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда асқазан обырын анықтау мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онкологиялық орталықтың емханасында қала тұрғындары асқазан обырын анықтау мақсатында тегін қаралып, тексеруден өте алады, деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың елорда бойынша филиалының баспасөз қызметі.   

«27 шілдеде сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін асқазанның ісікалды ауруларын және асқазан обырының бастапқы түрлерін ерте анықтау мақсатында астаналық онкологиялық орталықтың аумағында ашық есік күні өткізіледі», - делінген хабарламада. 

Келесі жағдайларда сізге дәрігер-онкологтардан кеңес алып, тексеруден өту қажет: 

-       Асқорыту органдары қызметінің бұзылуы;
-       Тамақ ішу кезінде жайсыз (дискомфорт) сезіну;
-       Қыжыл, жүректің айнуы;
-       Қаназдық (анемия), белгісіз себептермен арықтап кету;
-       Тез шаршау. 

Аталған іс-шара барысында кеуде-іш қуысы онкологиясының жетекші мамандары тегін кеңес береді. Дәрігердің қабылдауына келген әрбір адам онкологтардан квалификациялық көмек ала алады. 

Іс-шара Манас көшесі, 17 мекенжайында орналасқан Онкологиялық орталық емханасының 104 және 108 кабинеттерінде өтеді. 

Толығырақ ақпаратты 95-40-33, 95-40-34 телефондары арқылы ала аласыз.
       

Өзгелердің жаңалығы