Елордада әскери оркестрлер фестивалі басталды

22 Маусым 2022, 22:32
980
Бөлісу:
Елордада әскери оркестрлер фестивалі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада дәстүрлі «Әскери керней» фестивалі басталды. Үш күнге созылатын сазды кешке елдегі таңдаулы 9 әскери-оркестр жиналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған іс-шара елорда күні мен Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналады. Мақсат – патриоттық әндер арқылы өскелең ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу. Бүгін әскерилер «Нұржол» бульвары арқылы ән шеруін өткізіп, кешті «Бәйтерек» монументі маңында жалғастырды. Концертте патриоттық әндермен қатар заманауи және ұлттық әндер де шырқалды.

Фестиваль үш күн бойы жалғасады. Алғашқы күнді әскери оркестрдің шеруіне арнағанды жөн көрдік. Ал ертең әр оркестр жеке концерт беретін болады. Ал соңғы күні жабық алаңда, үлкен бірлескен кеш өтеді. Біздің оркестрлердің репертуарында түрлі туындылар бар. Фестиваль аясында тек ән ғана емес, би де билейтін боламыз. Сарбаздар бар өнерін көрсетуге тырысады, – дейді Ұлттық ұлан әскери-оркестрлік орталығының бастығы Асхат Мұхамедияров.

Өзгелердің жаңалығы