Елордада ашылған жаңа мешітке автобус қатынайтын болды

27 Тамыз 2022, 08:50
1360
Бөлісу:
Елордада ашылған жаңа мешітке автобус қатынайтын болды

№43 автобус бағытын өзгертіп, Мәңгілік Ел даңғылындағы жаңа мешітке дейін жүретін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ  «City Transportation Systems» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрметті №43 бағдар жолаушылары! 27 тамыздан бастап көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында №43 автобустың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз. Енді ол Мәңгілік Ел даңғылындағы жаңа мешітке дейін жүретін болады, – делінген хабарламада.

Осыған дейін астанада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылғаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы